Ширван шах алдағанды білмей, басты он адамын жіберді. Монғолдар біреуін өлтіріп, қалған тоғызына: «Егер де сендердің өлгілерің келмесе жолды көрсетіңдер» деді. Олар қорыққанынан Дербенттің қиялы жартас, тұңғиық құзды, ыңғыл-жыңғылды ұры сайлары арасымен монғолдарды аман-есен солтүстік Кавказға жеткізді. Солтүстік Кавказда тұратын алан жұрты «монғолға бірігіп қарсы тұрайық» деп Қыпшақтарды болысуға шақырды. Қыпшақтың қалың атты әскері аландарға келіп қосылды. Монғолдармен үлкен айқас болды. Екі жағы тең түсті. Қайтадан ұрысқа дайындалды. Алан мен Қыпшақты жеңе алмайтынына көзі жеткен монғолдар Қыпшақтарға көп тартумен «сендер бізбен қандас елсіңдер, аландар бөтен жұрт, біз сендермен бітімге келеміз, оларға болысушы болмаңдар» деп кісі салды. Монғолдың алтын-күмісіне қызыққан Қыпшақ батырлары аландарды тастап кейін шегінді. Жалғыз қалған аландарды монғолдар қан-жоса етіп қырды.

Ал Қыпшақтар «Бітімге келісетін болдық, бізге тимейді» екен деп әскерлерін үйді-үйіне таратып, жайбарақат жата берді. Сол уақытта ала¦дарды жеңген монғолдар, сау етіп бұлардың еліне жетіп келді. Әскерін таратып жіберген Қыпшақтар монғолдарға төтеп бере алмады. Бірі Донға, бірі Қырымға қашты. Осы уақыттағы Қыпшақтардың ханы Қотан

Бейбіт елдерді қан жылатқан Шыңғысханды суреттегенде, бір қара албасты құбыжық келе жатқандай қобалжи, алан жұртын сатып кеткен Қыпшақ хандарының опасыздығын жыр еткенде, қарабет болған жандай көзін жерден алмай қиналып зар шеккен Қазтуған жырау, толғауының Шыңғысханға тиер жеріне жеткенінде тіпті зәрленіп кетті. Бауыры қызған бәйге атындай серпіліп сала берді. Жауына қарсы шыққан орыс, Қыпшақ жауынгерлерінің дәл ортасында өзі келе жатқандай, қарағай домбырасын дүбірлетіп, көзінен жалын атып, қаһар төкті.

Орыс, Қыпшақ болып бірігіп, басып алғалы аттанған жауына қарсы шыққанын жырлағанда ер көңілді батыр жыраудың үнінен мақтанған, қуанышты, адамды қанды кекке шақырар бір құдіретті саз естілді. Осылай шалқи қалған Қазтуған Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!» деп күңірене күбірледі.



59 из 300