Ал енді аға ұрпаққа келетін болсақ, кітапты қайталап оқып шыққаннан кейін олар өздері осыдан біраз ғана бұрын байыбына бара алмастай көрінген көкейтесті сұрақтардың көпшілігіне жауап таба алады. Олардың ең бастысы, менің ойымша, жеке және ортақ мүдделері Үйлесім тауып біріккен халық, өзін түлетіп өсірген жерге адал берілген халық тауды қопарып тастауға, ең қиын проблемаларды шешуге қабілетті екендігін түйсінуде болса керек.

Кітап шығару ең қиын кезеңін бастан кешіріп отырған қазіргі күнде, Ілияс Есенберлиннің шебер қатталып, талғампаздықпен безендірілген трилогиясы жарық көруінің өзі тәнті етеді. Бұл көп ретте «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясында, қазақтың «Астана-моторс» компаниясында, «Эксон» компаниясының Қазақстан өкілдігінде жұмыс істейтін адамдардың өнер мен тарихқа немқұрайды қарай алмай, оған іңкәрлік білдіруінің арқасында мүмкін болды.

Мен оларға шын жүректен ризалығымды айтамын.

Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге болса, «Көшпенділердің» беттерімен қызықты әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіремін.



Қазақстан Республикасының Президенті


Нұрсұлтан Назарбаев


БІРІНШІ БӨЛІМ



І



Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе?

Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ па еді?

Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан тартынған?»

Әбілқайыр ірбіз

«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап алам деп жинаған жау жүрек ератын

Әбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған.



2 из 300