Жоқ, қарамағындағы жұртты Жошы қандас болдым деп аяған емес. Оған басқаратын, әмірін жүргізетін ел керек. Ал Дәшті Қыпшақ Жошы хандығының туын тігетін негізгі жері болуға тиісті еді.

Демек, қазақ шежірелері Жошыны Шыңғыстың өзге балаларындай қанішер атамайды. Жыр, аңыздарда кейде қаһарымен бірге сөзге тоқтайтын, ашуын ақылға жеңгізе білетін адам етіп көрсетеді. Бұған «Ақсақ құлан — Жошы хан» аңызы куә.

Қайткенмен де осы Жошы Жағатайдай басып алған елін құртып жіберуге құштар болмаған. Оның бүйтпеске амалы да жоқ еді. Қазақ жерінде қалған монғол басқыншылары сан жағынан жүздің біреуіндей-ақ аз-тұн. Шыңғысхан жаулап алған жерінде төрт басына төрт ұлыс етіп бөлгенінде монғол әскерінен әрқайсысына он санадан

Тағы бір еске алатын жағдай: қазақ жерінде, Хорезм, Киев тәрізді үлкен қалалар болмағандықтан, Жошы тұқымы қан жоса етіп алатын бекіністер де аз еді. Дәшті Қыпшақ рулары да монғол тәрізді көшпелі жұрт, қашып жүріп, босып жүріп соғысып өз теңдігін оңайға бермеді. Жошы ұрпағына бұнымен де санасуға тура келді. Тиімді болса қазақтан қыз алып, қыз беріп кетуден де тайынбайды. Осындай жағдайда Бату өзінің бір қызын Маңғыт жігітіне береді. Одан Ноғай деген инал

Хан атын алмағанмен, Ноғай Ұлы би аталған. Дәшті Қыпшақ жерінің батыс бөлегі Ноғайлының хандығына айналады. Бұл хандықтың негізін қалаған Маңғыт руы.

Әбілқайырдың да өзінің қол астындағы Арғын, Қыпшақ руларының белді адамдарынан сескенуінің де бір себебі осында. Ноғай батыр секілді Ақжол бидің де (бұл ел қойған аты, шын аты Дайырқожа) артында тұрған қалың Арғын елі бар. Ал Майсара Қобыланды батырдың соңынан ерген Қызыл бас елін шауып, қисса жырына айналған арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыдан қалған жау жүрек бықыған айбарлы Қыпшақ жұрты тұр… Қайсысының сөзін жақтау керек. Бұдан қиын хан басына сын бар ма?

«Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің қандай қажеті бар? — Әбілқайыр хан мырс-мырс күлді. — Шыңғыс тұқымының хан тағына осыншама ұзақ отыруының себебі де осында емес пе? Егер ру-ру боп бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе не болар еді? Жоқ-жоқ, бұл жұрт — абайлап ұстамасаң қолыңды алып түсер қылшылдаған ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз жолы — біріне-бірін бақтырып қою. Сонда ғана бұл өткір ұстара қауіпсіз».



24 из 300