
«Таза мінсіз асыл тас.
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз.
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас.
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз.
Шер толқытса шығады» —
деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы айтқан-ды. Бір бунап, бір босатқан науқастай, бойын қысқан жырын бітіріп барып «уф» деп демін алды. Енді ол бида орамалымен күн сүйіп, жел үріп, қатпарланған күсті маңдайынан сорғалаған терін сыпыра сүртті. Содан кейін барып жыраулардың мына отырған қауымға өз руларының қайдан шыққанын, аттары неден алынғанын таныстырып өтуін бұйырды.
Қазтуған жырау безілдеген домбырасымен бірге орнында байыздай алмай, арқасын жыр қысып, астындағы тай терісінен шығып, жорғалақтап дөңгелей, ащы дауысын бір шырқатып алды да:
Алаңда алаң, алаң бар,
Бата алмай жау алаңдар.
Сақтан шыққан Кейсақ бар, Кейсақ — Қайсақ, Қыпсақ — Қыпшақ боп.
Он екі атаға таралар, —
деп Мұхаммет пайғамбар тумастан мың жыл бұрын, Ескендір Зұлхарнайынды Жиделібайсынның жеріне кіргізбей тоқтатқан Сақ елінің патшалары фарсы жұрты кей деп атап, одан патшаның таңдаулы әскерін — кейсақ (патша сағы деген мағынада) деп, одан Қыпсақ туып, Қыпсақтың Қыпшаққа айналғанын бір толғап өтті. Содан кейін Жиделібайсын жерін хұнулар
Сөзді Асан Қайғы енді Қотанға берді. Қарт жырау қара күйектеніп кеткен кәрі қобызын, ботасы өлген іңгендей боздатып, қарлыққан кәрі даусымен:
Жусанды деме қараған, Жұлдызды жарық ай деме,
Қытайдан шығып тараған.
Хұнуға қарсы қол шықса, Жорықта болған маймене.
А-лунь
Қыпшақпен қатар жаралған, —
деп көне заманда Солтүстік Қытайдан батысқа қарай хұнулар (гунндар) аттан- ғанда Арғындар түркі тұқымдас елдерімен бірігіп бас көтергенін, ақыры әтиль күшіне шыдай алмай, сонау Ертістен әрі Жоңғар тауына қарай көшіп, хұнулар өтіп кеткеннен кейін,
