Бас бәйгені алған Арғын жағы шат-шадыман боп тасыды. Аталы сөзге тоқ- тап үйренген жұрт Асан Қайғы шешіміне риза екенін білдірді. Асан шешімін Қазтуған да әділетті көрді. Жеңіліп қап пәрмене болдым демеді. Тек Ақжол бимен бақ күндес Қобыланды батыр ғана намыс оты күйдіріп тақат ете алмай, іштей алай-дүлей.

Айтыс тізгінін қолына ұстаған Асан Қайғы әлі де қызу отырған Қазтуғанды тежегісі келмей:

— Сөйле, жырау, — деп домбырасын ұстаттырды.

әбден қызып алған Қазтуған күттірмеді. Әбілқайыр ханға қарап домбырасын қағып-қағып жіберіп:

— Қалған жырды тағы да тарих өзі жырласын, Қазтуған жырау аузынан әлеумет тек тыңдасын. Құлаққа жағымсыз жай болса, кешіре көрсін, хан ием, — деп жырау өзінің айтар сөзіне рұқсат сұрады ханнан.

Қарапайым ел қамын ойлаған, қызыл тілін қару еткен қазақ жыраулары әрқашанда өз ойларын ашық айтқан.

Бірақ… «аталы сөзге арсыз тоқтамас», дәуірінде ханға да шындықты тыңдау бір ғанибет іс еді. Сол салттан шыға алмай Әбілқайыр да:

— Ақын ел еркесі, айта бер қорғанбай жырыңды, — деді салғырт, Қазтуғанның айтар сөзінен күйінерін күн бұрын сезсе де кеңпейіл көрінбек боп.

Қазтуған жырау әсем көсілген жорғадай толғауын емін-еркін бастап кетті. Аздаған үзіліспен бір ғасырға жуық жүргізілген Шыңғысхан және оның ұрпақтарының шапқыншылығы бір мың екі жүз алтыншы жылы Монғол мемлекеті құрылысымен-ақ басталған. Осының алдында ғана өзін Шыңғысхан деп атаған, әкесі қияттан, шешесі та-та

Бір мың екі жүз жетінші жылы монғолдар Енисей өзенінің жоғары жағы мен Селенгі өзенінің солтүстік тұсын жайлаған ұсақ елдерді жаулауға кірісті.



57 из 300