— Неге? — деген, Қобыланды батырды қырағы көзімен бір шолып, даусын өзгертпей.

— Ұлы Шыңғысхан шартын бұзды. Орманбет бидің ұрпағы әділгерейдің қызы есірей

Олжаға таласқанға — өлім жазасын беру Шыңғысхан Ясысында жазылған. Шапқыншылық заманда әскер арасы бұзылмасын деп бұны хан ұрпақтары мықты ұстаған, қас батырға қойылған айып ауыр.

— Оған қандай дәлелің бар? Керей Қарабатырдың өзі айтты ма, әлде көрген жан бар ма? — деді Ақжол әлі де даусын өзгертпей.

— Қарабатыр сол таласта қаза тапты. Көрген куәні де қызба қанды Саянның алдаспаны алып түсіпті.

Әбілқайыр жұмсаған бір сұмның сөзіне аңғал Қобыланды күрт сеніп қалған. Осылай болуын тілеген көңіл, Саянға тағылған кінәнің ақ, қарасына көз жеткіздірмей, өзін де жаланың құрбаны етіп отыр.

— Олжаға қалай таласқанын онда батыр Саянның өзі айтар?

— Күнәсін мойынға алу үшін шын батыр болу керек.

— Арғынның ардақты жиенін қатын демексің бе?

— Олжа есірейге таласу қатын әрекеті.

Екі батыр алыса кететін қанды ауыз арлан төбеттердей алая қарады. Бірақ хан алдында төзім сақтау керек, ендігі сөзді Орда иесінен күтіп үн-түнсіз отыр.

Қобыланды батырдың бұл жанжалды неге бастап отырғаны Әбілқайырға аян. Күйе жаға айтылған сөздің астарында күйікті сыр жатқан. «әлде батыр Саянның қылығы рас па екен?» Әбілқайыр хан үйде отырғандарды көз астымен бір шолып өтті. Хан кеңесіне келетіндер қалай өзгеріп кеткен. Мешін жылы Дәшті Қыпшақ тағына отырғанында өзі он жеті жаста еді. Ол кездерде әскер басшылары да, Орда тіректері де басқалар болатын. Мынау Арғын, Қыпшақ жайсаңдары алған төрде Маңғыт, Дулат, Үйсін, Қоңырат, Найман, Тубай, Ұйғыр, Қытай

Хан Ордасындағы тартыс сол күннен бастап күшейе түсті. Содан бері отыз жылдай өмір өтті, ал тартыс әлі бір толастамай келеді. Қайран, дүние! Қандай қайсар едім! Отыз жыл! Отыз жылдың ішінде қандай жауымды жеңбедім! Демек адамның қасы — арам шөп тәрізді болады екен. Отаған сайын қаулай өсе түседі.



32 из 300