
Ал, ақиқатына келсек жанжал түбі әріде жатыр. Бұл мезгіл сонау Соғды жері мен Еділ өзенінің жағасына дейін Ұлы Дәшті Қыпшақ даласын жайлаған түркі тұқымдас елдердің екіге бөліне бастаған шағы еді. Шаруашылығына қарай, Мауреннахр деп аталатын Жейхұн
Қарамағындағы көшпелі елдерге алым-салықты көп салып, оны тек бөтен жұртты шабатын әскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Және өзі Дәшті Қыпшақтың даласынан көрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы етуді дұрыс көрген. Бұның бәрі көшпелі Дәшті Қыпшақтың асау жыл- қы тәрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын, дәстүрін, салт-ғұрпын, бәрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай айналдырғысы келетінін сезген Дәшті Қыпшақ тайпалары енді Әбілқайырдан іргесін әрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын көтерген басты адам — Жәнібек сұлтан. Әрине, Жәнібектің бұл қылығы Әбілқайырға ұнамайтын. Орыс ханның ұрпақтарының ел арасын былай қобалжыта бастауы тек өздері хан болғылары келуден деп қана түсінетін Дәшті Қыпшақ әміршісі алдымен Жәнібекті құртуды көксеген. Ал бұл көкейкесті арманның түбі халықта жатқанын ол аңғармаған. Халыққа тек импрам
Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса, болғаны. Ал, тіл табу үшін хан қандай тәсіл қолданса да, Жәнібек пен Керей көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар күннен-күнге араларын ханнан алыстатып бара жатқан. Арғын мен Қыпшақтың да қазір екі бөлінуінің түп себебі де осы екеуінің хан Ордасына деген ала көздігінен туған.
